Мылтық тауып алған ШҚО тұрғыны айыппұл төлеуге мәжбүр болды

0
136

Мұндай жауапкершілікке ол мылтықты бірден ішкі істер органдарына тапсырмағаны үшін тартылып отыр.

ШҚО тұрғыны өзеннің жағасынан тауып алған мылтық үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мұндай жауапкершілікке ол мылтықты бірден ішкі істер органдарына тапсырмағаны үшін тартылып отыр.

Нәтижесінде оның үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабы 1-бөлімі бойынша іс қозғалып, Алтай аудандық №2 сотында қаралды. Сот материалдарына сүйенсек, ер адамнан 12 калибрлі мылтық тәркіленіп алынған. Ол кінәсін мойындап, қаруды өзеннің жағасындағы тастардан тауып алғанын айтқан.

Сот шешімі бойынша оған әкімшілік шара өолданылып, 33 670 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/