Музыкант бала Тоқаевқа бір ғана өтінішін айтты (ВИДЕО)

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары алдында Нұра ауданы Шахтерское ауылында тұратын Николай есімді өнерпаз баланың арманы орындалды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

24 KZ телеарнасының тілшісі Шахтерское ауылының Мәдениет үйінде музыкант баламен кездесіп, одан президенттің өңірге сапары кезінде одан не сұрайтынын сұрады.

«ПРЕЗИДЕНТТЕН СУ ТОЛТЫРЫЛҒАН КУЛЕР СҰРАЙМЫН»

Президент облысқа келіп, «Бүгін менің көңіл-күйім тамаша. Міне, жанымда облыс әкімі тұр. Не сұрасаң да бәрін береміз. Оны облыс басшысына тапсырамын», — десе не сұрайтын едің деп балаға сұрақ қояды.

Ну, президент келсе біздің Мәдениет үйіне су толтырылған кулерді қойса екен деп сұрайтын едім, — деді шын көңілімен.

Содан кейін баланың өтініші бірден орындалып, Мәдениет үйіне су толтырылған кулер қойылды.

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, Теміртау қаласындағы Qarmet металлургиялық комбинатында болып, осы жердегі  «Qarmet» акционерлік қоғамының диспетчерлік-талдау орталығын аралап көрді. Одан кейін Қарағанды қаласының Пришахтинск ықшамауданында таяуда ғана ашылған «Кәусар» оқушылар сарайының қызметімен танысып, Саран қаласында тұрмыстық және электр техникасын шығаратын Silk Road Electronics кәсіпорнына барды.