Мұздан жасалған «таққа» отырып суретке түспек болған әйел теңізге ағып кетті (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Исландияда АҚШ-тан келген турист Джудит Стренг суретке түсу үшін мұзтаудан жасалған «таққа» отырамын деп теңізге ағып кетті.

Мұздан жасалған «таққа» отырып суретке түспек болған әйел теңізге ағып кетті (видео)

Бұл туралы ABC арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Йёкюльсаурлоун мұзды мүйісінде орын алған.

«Ол отыруға ыңғайлы болып қатып қалған екен… «Тамаша, бұл қызық болар еді», — деп ойладым. Мұзтаудың үстіне шыққанда, ол теңселе бастады және толқын жақындап келе жатқан еді», — дейді Стренг.

Оқиға орнына жақын жерде жүрген флоридалық капитан Рэнди Ланконттың көмегімен әйел шұғыл түрде құтқарылды.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz