Мұздан жасалған «таққа» отырып суретке түспек болған әйел теңізге ағып кетті (видео) — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Исландияда АҚШ-тан келген турист Джудит Стренг суретке түсу үшін мұзтаудан жасалған «таққа» отырамын деп теңізге ағып кетті.
Бұл туралы ABC арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Йёкюльсаурлоун мұзды мүйісінде орын алған.
«Ол отыруға ыңғайлы болып қатып қалған екен… «Тамаша, бұл қызық болар еді», — деп ойладым. Мұзтаудың үстіне шыққанда, ол теңселе бастады және толқын жақындап келе жатқан еді», — дейді Стренг.
Оқиға орнына жақын жерде жүрген флоридалық капитан Рэнди Ланконттың көмегімен әйел шұғыл түрде құтқарылды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz