«МузАрт» , «Жігіттер», Қайрат, Төреғали үшін халық несиеге батып жатыр — блогер
Блогер Тортуыл Шоқан Facebook парақшасында тойға әншілерді шақырып, несиеге белшесінен бататындар туралы жазды.
«Тойға, жақсылығыңа жақырсаң миллион ақша сұрайтын «МузАрт» , «Жігіттер», Қайрат, Төреғали, Ә. Әлқожа, Наркенжелерді шақырмаған дұрыс. Наркенже сұрайтын 1 млн теңгені бір адам 1 жыл әрең табады. Қайраттар алатын 5-6 млн теңгені кредит алып берсең оны кемі 5 жыл төлеп, 10 млн қылып қайтарасың. Тойдың сәні—ұтымды әзіл, тойымды мәзір, жақсы тілек, күйің келіп берген ақшалай сыйлық емес пе? Ойбой, ананың тойына «анау», мынаның тойына «мынау» келіпті деп, бақталастыққа өзіміз итермелейміз. Тойдың сәні танымал адамдар емес—ағайының, болды. Байдың алдында кедей бүгежектемес үшін жүрген жерімізде әлеуметтік теңсіздіктерге жол бермеуіміз керек», — деді блогер.
фото: nur.kz