Мұсылмандар 2030 жылғы оразаны екі рет ұстайды

Рамазан айының жыл сайын 10-12 күнге ертерек келуіне байланысты мұндай жағдай орын алады. 2030 жылы мұсылмандар екі рет Рамазан оразасын ұстайды:
- Алғашқы Рамазан – 5 қаңтарда басталып, 4 ақпанда аяқталады.
- Екінші Рамазан – 26 желтоқсанда басталып, 24 қаңтарда (2031 жылы) аяқталады.
Осылайша, бір жылдың ішінде мұсылмандар 36 күн ораза тұтады. Екі оразаның да қыс мезгіліне сәйкес келуі ауыз бекітуді жеңілдетеді, себебі күн қысқа болады.
Бұл құбылыс ислам күнтізбесінің (хижра) ай цикліне негізделуімен түсіндіріледі, ал Григориан күнтізбесі күн қозғалысына негізделген. Келесі осындай жағдай 2063 жылы қайталанбақ.
фото: gov.kz