Мұсылман қалыңдықтар фатаны ауыстыратын бұйымды тапты — Қазақстан жаңалықтары
Мұсылман қалыңдықтар фатаны алмастыратын бұйымды тапты. Олар тюрбанды фата ретінде қолдана бастаған.
Бұл туралы Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Instagram желісінде #bridalturbans және #weddingturbans хештегтерімен фатаның орнына тюрбан таққан қалыңдықтардың суреті жариялануда.
Тюрбанды құп көрген қалыңдықтардың дені — мұсылмандар. Кейбірі діни көзқарасына байланысты күнделікті орамал тағады. Сондықтан неке күні ерекше әдемі тюрбан киюге тырысады.
Сән саласындағы сарапшылар тюрбандардың тек мұсылман елдерінде емес, өзге де мемлекеттерде сәнге айналғанын айтады. Мысалы, олар ұлыбританиялық Matche брендтің топтамасына енген. Ал Италияда Bridal Turban аталатын фирма пайда болған. Фирма тек тюрбан тігумен айналысады.
Сонымен қатар үйлену тойына арналған тюрбандар америкалық Etsyонлайн-ретейлерінде де пайда болған. Сайтта «үйлену тойына арналған тюрбан» сауалы бойынша 20 мыңнан аса хабарландыру ұсынылады.
«Соңғы бірнеше жылда қалыңдықтар үйлену тойында басына тағуға арналған түрлі бұйымдарды таңдауда. Олардың кейбірінің тюрбан немесе чалманы таңдайтыны таңғалдырмайды», — дейді үйлену тойы саласындағы сәнгер.
stan.kz