«Мұсылман мен Тәңірші табысады» — өзін Алланың елшісімін деп жариялаған діндар ғибадатхана ашпақ

0
629

Бұл туралы Бақытбай Сейітов өз Facebook парақшасында жазды.

Мұсылман мен Тәңірші табысады… Олардың ортақ сенім сарайы салынды! (ашылу салтанаты 9 шілдеде) деп жазған діндардан kznews.kz тілшісі пікір алды.

— Дін мәселесінің барлығы адамзаттың қолында емес және пікіріне де байланысты емес. Адам баласын кемелдігіне жеткізу үшін Алла өзінің діндерін, кітаптарын, пайғамбарларын жіберіп тұрады.

Дегенмен, Құранда жазылған: «Олар қулық жасайды, бірақ, Алла одан көрі айлакер». Бүгінде Қазақ халқының көкірегі ашық. Осындай уақытта Мағди келеді деген заман. Біз келіп отырмыз.

Екі діннің басын қосу — Мұхаммедтің келбетінде, Исаның іспетінде адам баласын тәрбиелеу.

Қазіргі уақытта Ислам мен Тәңіршілдік қосылады. Адамзаттың барлығы Исламның шариғатымен тәрбиеленеді. Одан кейін Исаның Тәңірлік ілімімен жүректеріне Алланы орнатады.  Шариғат пен тариқат қосылған кезде ақиқат дұрыс болады.

Ендігі жерде сенім сарайы екі діннің басын қосып ұстау үшін әрі шариғатты мойындап, тариқатты мойындау үшін, Алланың кітаптарына сай нақты ғибадатхана салдық. Ол ғибадатхана Мағдидің мекенінде.

9 шілде күні біз бүкіл облыстар бойынша ислам және христиан әлемінің Тәңіршілдерін  шақырдық. Сол ғибадатхананы ашып, елге таныстырамыз,- дейді Бақытбай Сейітов.

«Мұхаммед (с.ғ.с) Алланың елшісі әрі соңғы пайғамбар деген. Пайғамбарлық сонымен тоқтаған. Ал, елшілік жалғаса береді. Мен пайғамбар емеспін, мен Алланың елшісімін. Діни басқармадағылар маған ешқандай уәж айта алмайды. Себебі өздері сауатсыз. Білімі таяз. Маған Мұса, Иса, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың қасиеті берілген. Мен жыланшымын. Кезіндегі Мұса пайғамбардың Мысырда алып жүрген таяғы маған берілген», – дейді Бақытбай Сейітов.