Мұрнындағы ісікті көріп, өзін жәндік шақты деп ойлаған ер адам көзінен айырылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлыбританияның Реддитч қаласының тұрғыны мұрнындағы қатерлі ісікті жәндіктің шаққанынан қалған із деп ойлап жүрген. Алайда оның мұрнындағы ісіктің ұлғайып кеткені сонша, дәрігерлерге ер адамның көзін алып тастауға тура келген. 

Мұрнындағы ісікті көріп, өзін жәндік шақты деп ойлаған ер адам көзінен айырылды

Birmingham Live басылымының мәліметінше, өмір бойы бақшада жұмыс істеген Дэвид Хистон мұрнындағы кішігірім ісікке мән бермей, оны жәндіктің шаққанынан пайда болды деп ойлаған. Алайда ісік ұлғая түскеннен кейін, 66 жастағы ер адам оған иісмай жағыпты. Ер адам дәрігерге қаралуды ұйғарғанға дейін оның мұрнындағы ісік бір жарым сантиметрге дейін өсіп кеткен, деп жазады Stan.kz

Дәрігер ер адамның терінің қатерлі ісігіне шалдыққанынан күдіктеніп, оны биопсияға жібереді. Ісік өте тереңге енгендіктен, процедура шамамен 7 сағатқа созылған. 

Ертесі күні Хистон өзінің көзін алып тастау үшін ота жасалатынын біледі. Керісінше жағдайда ісік миға жайылып кетуі мүмкін екен. Арада екі апта өткеннен кейін ота жасалып, ер адамға 4 ай бойы ауурханада жатуға тура келді. Сонымен қатар ол радиотерапияның 20 курсынан өткен. 

Ер адам ауруханадан шыққаннан кейін ұлына өтініш жасап, терінің қатерлі ісігінің қауіптілігі туралы әлеуметтік желіде жазуын сұраған. 

Мұрнындағы ісікті көріп, өзін жәндік шақты деп ойлаған ер адам көзінен айырылды

«Егер денеңізден дақ, мең немесе сүйелді байқасаңыз, дәрігерге барып, тексеріліңіз», — дейді призвал Хистон.

Сонымен қатар осы жағдайдан кейін Хистонның әйелі денесіндегі күмәнді 4 меңді алдырып тастапты.

Хистонның бұрынғы мейірбикесі оның сауыққанымен, қайтадан қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін бе, жоқ па, оны ешкім нақты айта алмайтынын атап өтті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz