Мұрны сынып, ауруханаға түсті. Алматы облысында жаттықтырушы оқушыны ұрып жіберді

0
362
Сурет: https://ru.unesco.org/

Алматы облысында жаттықтырушы оқушысын ұрған, деп хабарлайды zakon.kz ақпарат агенттігі.

«26 қаңтар күні Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына 16 жастағы жасөспірімнің мұрын сүйегі сынып, ауруханаға түскені туралы хабарланды. Бұл факт бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды», – деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

ПД өкілдерінің хабарлауынша, оқушыны 34 жастағы жаттықтырушысының ұрғаны белгілі болды. Жаттықтырушы спорт залды жинастырып жатқанда, оқушылардың сыныптасы келіп, оған дөрекілік танытқан.

Оған шыдамаған жаттықтырушы жасөспірімнің бетінен ұрған.  Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.