Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып қайта тағайындалды

0

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram арнасы.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған хабарламада. Мұрат Әйтенов 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында дүниеге келген.

2004 жылы армия генералы Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетің заңгер мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 ж. – Президенттің іс басқармасы «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.

2008-2010 ж. – Президенттің іс басқармасының ведомствосына қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.

2010-2012 ж. – Президенттің іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2012-2013 ж. – Президенттің іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

2013-2016 ж. — Президенттің іс басқармасының аппарат басшысы.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Президенттің іс басқарушысының орынбасары. 2020 жылдан бері Шымкент қаласының әкімі. Айта кетейік, бұған дейін Президент Атырау және Жетісу облыстары әкімдерін тағайындаған болатын.