«Мұның бәрі саяси репрессия». Жанболат Мамай қақаған аязда 10 сағатқа жуық ұстағанын айтты

0

Тіркелмеген Демократия партиясының лидері Жанболат Мамай митинг кезінде Қазақстандағы мәжіліс және мәслихат сайлауын бойкот жариялауға шақырды, деп хабарлайды Orda.kz басылымы.

Алаңдағы митинг аяқталған соң, ҚДП мүшелері Назарбаев көшесімен төмен қарай жүріп, көпке дейін көшеде қалды.

«Бүгін бізді СОБР 10 сағат көлемінде қоршап, ондаған адамды ұстап әкетті. Мұның барлығы саяси репрессия. Мысалы, Жаңаөзенде ҚДП үш белсендісін 10 сағатқа жапты. Біздің өзімізді қақаған аязда көшеде шамамен 10 сағат бойы ұстады. Бұл адам құқығын бұзғанмен бірдей, тіпті, азаптаумен бір десе де болады», — Мамай редакция тілшісіне.  

Еске салсақ, Алматыда арнайы жасақ «Демпартия» жақтастарын қоршады, орталық алаңда интернет өшкені белгілі болды.

ҚР ІІМ ұсталғандардың барлығы босатылғанын мәлімдеді.