Мұндай бұрын-соңды болмаған: Бай азамат көгершінді 1,89 млн долларға сатып алды

0

Бельгияда өткен аукционда екі жыл бойы хат тасыған New Kim атты көгершін 1,6 еуроға (1,89 млн доллар) белгісіз қытайлыққа сатылды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Бастапқы бағасы 200 еуро болған. Оңтүстік Африкалықтардың табандылықтарының арқасында оның бағасы рекорд орнатты. Бұған дейін 2019 жылы Арандо атты көгершін рекорттық бағаға сатылған болатын.

«Соңғы 30 минутта бұл көгершінген екі қытайлық коллекционер таласты. Көгершін ұрғашы болғандықтан, мұны таңғаларлық жағдай десек те болады. Әдетте еркектері ғана қымбат тұрады», — деді Pipa атқарушы директоры Николас Гизельбрехт.

Сондай-ақ, ол аталған көгершіннің небәрі екі жаста екеніне тоқталды. 2018 жылы жарысқа қатысып, «Бельгияның ең жас мықты құсы» деген титулды иемденген.

Қытайда хат таситын көгершіндер өте танымал.