«Мұндай болмас еді»: Бес қызынан айырылған жанұяның көршісі жанайқайын жеткізді — новости Казахстана
Астанада өрт салдарынан бір түнде бес қызынан бірдей айырылған жанұяның көршісі мемлекетке өз өкпесін айтты. Қайғылы жағдайдан соң есін жинай алмай отырған келіншектің видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті деп жазады NUR.KZ.
Көзі жасқа толған әйел қазір, тіпті, айтарға сөзі жоқ екенін жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.
Дереккөз: kaz.nur.kz