Мұнда біздің атамыз жерленген: Талғарда зират орнына коттедж қалашығы салынғалы жатыр (ВИДЕО)

0

Алматы облысы Талғар ауданындағы Қарабұлақ кентінің ондаған тұрғыны зират орнына коттедж қалашығы салынғалы жатқанын айтып, шағымданды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Ауыл тұрғындары жергілікті зиратта жерлеуге тыйым салынғанына шағымданды.

«Қазір зират маңынан компания коттедж қалашығын салу үшін жер сатып алды. Жақында бір әйелге осы зиратқа туысын жерлеуге тыйым салған еді. 1987 жылы бұл жер мұсылмандарды жерлеуге бөлінген. Мұнда біздің атамыз жерленген. Неге жерлеуге тыйым салынады?», — деп шағымданды олар.

Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер зират кеңес заманынан бері ешқандай құжатсыз жұмыс істеп келе жатқанын хабарлады. Аудан әкімшілігі мәліметі бойынша, қазіргі уақытта зиратта орын қалмаған.

«Тұрғындар ескі зираттың маңындағы жерлерді пайдаланғысы келеді. Бірақ ол жерлер жеке басқаруда және ауылшаруашылық мақсатына арналған. Бүгінде осы жерлерге иелік ететін «Айршир» ЖШС Қарабұлақ ауылы маңындағы жаңа зиратқа 7,81 гектар (кадастрлық № 03051200118) және 3,21 гектар (кадастрлық № 03051200175) жер (жалпы ауданы 11,02 гектар) бөлінгенін айтты. Тиісті құжаттар дайындалып жатыр. Мәселе аудан әкімі бақылауында», — деді әкімдіктегілер.