Мұнайдың қымбаттауы теңге бағамына қалай әсер етті

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

1 мамырдан бастап ОПЕК+ келісімі күшіне енген болатын. Оған сәйкес, ұйымға мүше мемлекеттер мұнай өндіру көлемін күніне 9,7 миллион баррельге қысқартады

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстандық қор биржасында кезекті сауда-саттық өтті. Оның қорытындысы бойынша бір доллар 423,92 теңге болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кеткен жөн, өткен демалыс күндері доллардың бағамы 424,57 теңге болған. Қазақстандық қор биржасының кешегі сауда-саттығында ұлттық валюта құнсызданып, 425,41 теңгеге дейін жеткен. Ал бүгінгі сауда кезінде теңге біршама күшейді. Бір доллар 423,92 теңгеге саудаланды. 

4 мамырдан бастап Қазақстанда ақша айырбастау пунктері ашылған болатын. Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде астанада доллар 426-429 теңгеден сатылып жатыр. Ал шетелдік валютаны сатып алу бағамы – 424,5-425,2 теңге. Алматыда да сондай баға.

Айта кетейік, 1 мамырдан бастап ОПЕК+ келісімі күшіне енген болатын. Оған сәйкес, ұйымға мүше мемлекеттер мұнай өндіру көлемін күніне 9,7 миллион баррельге қысқартады. Келесі жылға дейін осы көрсеткіш біртіндеп төмендейді. Қазақстан да келісімге қосылып, күніне 390 мың баррельге аз мұнай өндіруге келісті. Бүгінде Brent маркалы мұнайдың бағасы 28 доллардан асты.

Сейсенбі күні Egemen Qazaqstan газетінде президенттің сұхбаты шықты. Мемлекет басшысы доллар тапшылығын болдырмау шаралары туралы айтып берді. 

Мемлекет басшысы квазимемлекеттік секторға экспорттан түсетін табыстың бір бөлігін ішкі нарықта сатуды тапсырғанын айтты. Сондай-ақ, шетел валютасындағы депозиттерін еліміздің қаржы жүйесіне қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл қаражат нақты жобаларға жұмсалады. Президент бұл шаралар доллар тапшылығын болдырмау үшін жасалып отырғанын айтты.

Тағы оқыңыз: Президент теңге бағамы туралы ойын айтты

Еліміздегі шетел валютасының басым бөлігі шикізатты сатудан түсетіні де жағдайды қиындатып отыр. Тоқаев ерте ме, кеш пе, теңге бағамы тұрақтанатынын атап өтті. Құзырлы органдар валюта нарығына қатысты заңсыз әрекеттердің жолын кесетін болад деп ескертті.

 



sputniknews.kz