Мұнайдың бағасы құлдырап кетті

2018 жылғы 25 желтоқсан 09:42 165

АСТАНА. ҚазАқпарат — Дүйсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы күрт төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондондағы ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 3,07 долларға төмендеп, 50,43 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) ақпан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 3,06 долларға арзандап, баррелінің бағасы 42,53 доллар болды.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz