Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

2018 жылғы 22 желтоқсан 09:43 229

АСТАНА. ҚазАқпарат — Жұма, 21 желтоқсан күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондондағы ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,2 долларға төмендеп, 53,5 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) ақпан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,29 долларға арзандап, баррелінің бағасы 45,59 доллар болды.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz