Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

0
101

2018 жылғы 21 желтоқсан 07:44 153

Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,85 долларға төмендеп, 54,7 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 2,29 долларға төмендеп, баррелінің бағасы 45,88 доллар болды.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz