Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

0
64

2018 жылғы 14 желтоқсан 08:53 62

Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,53 долларға көтеріліп, бір баррель үшін 52,58 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1,43 долларға көтеріліп, баррелінің бағасы 52,58 доллар болды.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz