Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

2018 жылғы 8 желтоқсан 10:07 33

АСТАНА. ҚазАқпарат — Жұма күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы біршама көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондондағы ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,09 долларға жоғарылап, 61,4 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1,12 долларға қымбаттап, баррелінің бағасы 52,61 доллар болды.