Мұнай таусылғаннан кейін не болады?

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ең оптимистік болжам бойынша, «мұнайдың шарықтау шегі» он-он бес жылдан кейін болады. Одан кейін сұраныс біртіндеп төмендей бастайды

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Көптеген мұнай компаниясы үшін бұл трансформациядан көретін өз пайдасы да бар: олардың да мұнай қоры салыстырмалы уақыт аралығында бітеді. Сондықтан қазірдің өзінде әрі қарай не істеуді ойлау керек, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл жағдайда түсіну керек бір жайт: осы бағыттағы мұнай саласының белгілі бір қадамдарына қарамастан қазіргі таңда мұнай мен газдың жасыл энергетикаға салымдар үлесі жалпы инвестициялар көлемінің біраз процентін ғана құрайды (ең кең мағынада: бірінші кезекте әзірге бұл жел стансалары және күн батареялары, бұған қоса, энергия сақтау мен басқа технологиялар). Инвестициялардың басым бөлігін әлі мұнай және газ құрайды.

Тағы оқыңыз: Әлемдік мұнай нарығы қайта бөліске түсе бастады

Грета Тунберг ұсынғандай қазба отын байлықтарына құйылатын инвестициялардан бір сәтте бас тарту қазір мүлдем мүмкін емес.

Егер бұндай бас тарту болып қалса да, біз бірден мұнай тапшылығына тап болушы едік. Қазірдің өзінде жұмыс істейтін ұңғымалардан мұнай шығару деңгейі жылдам төмендеп барады.

Сондықтан мәселе компаниялар болашақта жасыл энергетикаға қаншалықты жылдам көшетінінде ғана тұр. Жасыл экономикаға құйылатын жыл сайынғы инвестициялар үлесі сақтала ма немесе біз жыл сайын оның біртіндеп артатынына куә боламыз ба?

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қаңтардан бастап бензин бағасы өсті



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз