мұнай саласында не болып жатыр

0

Венада ОПЕК+ форматындағы «мұнай альянсы» кездесуі алдында «Ресейде бәрі жаман және одан жаман болады» деген теорияны жақтайтындар қандай да бір үмітте болды

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Бұл үміт парсы шығанағы елдері, бірінші кезекте Сауд Арабиясында ішкі саяси, геосаяси және қаржы конъюнктурасындағы өзгерістер альянстың мұнай нарығына одан әрі әрекет етуіне жол бермейтіндігімен байланысты.

Бұл үмітті қолдайтын дәйектер ретінде бірнеше фактор келтірілді. Біздіңбатыстағы қарсыластарымыз олардың кейбіреулеріне ашық көрсетсе, басқаларына кулуарлық деңгейде көрсетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Біріншіден, батыс бұқаралық ақпарат құралдары, оларға қосылған көптеген қаржы сарапшылары «Эр-Риядта ОПЕК+ альянсы бойынша әріптестеріне, оның ішінде Ресейге сатқындық жасауға мықты себеп пайда болады» деген ойды белсенді түрде алға жылжыта бастады.

Бұл Saudi Aramco сауд мемлекеттік мұнай компаниясы акцияларды алғаш рет баршаға жария еткенде болады делінді. Әрине, бұның бәрі өз мұнай өндірісін дамытып, компания акциялары құнының өсімін қамтамасыз ету үшін және сәйкесіншеоның нарықтық капиталдандыруын арттыру үшін істеліп отыр.

Тағы оқыңыз: Қаржы министрі бензиннің неге қымбаттағалы жатқанын түсіндірді

Бұндай логикаға мысал ретінде Bloomberg басылымының «Aramco акцияларын биржада орналастыру Сауд Арабиясын көбірек мұнай шығаруға ынталандырады» деген материалының цитатасын мысалға келтіруге болады.

«Сауд Арабиясы корольдігі акциялардың кез келген екінші сатылымдарының тартымдылығын арттыру үшін табысты көбейтуі керек. Бұл іздік әдіс. Бұл мұнай өндірісінің артуы болуы мүмкін. <…> Енді Saudi Aramco биржада сауда-саттықпен айналысатын компания болғанда, оған жұртшылыққа арналған компания сияқты әрекет ете бастауға тура келеді. Бұл дегеніміз, мемлекеттік мұнай алыбы акцияларының бағасы басшылар мен акционерлер үшін басты фактор болады деген сөз. <…> Енді басты назар акция бағасы мен ақша ағымын оңтайландыруға аударылғанда, монархия акциялардың болашақтағы сатылымдарының арқасында табыс көре алады. Ал Aramco-да өз табыстарын қысқа мерзімді перспективада ұлғайтуға негіз бар. Бұның ең үздік әдісі – мұнай өндірісін көбейту. Біз жаңа ынталандырулар болашақта ОПЕК әрекеттеріне ықпал етеді деп күте аламыз», — деп хабарлады бізге америкалық қаржы секторының рупоры.



sputniknews.kz