Мұнай өндіру көлеміне қатысты Қазақстан ұстанымы айқындалды

0

Тәуліктік мұнай өндіруді 9,7 миллион баррель деңгейінде ұстап тұру келісімін ұзарту туралы шешімі қабылданды. Қазақстан бұл шешімге келісті

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Қазақстан бұрынғы деңгейде мұнай өндіруді бір айға ұзарту туралы ОПЕК+ келісімін қолдады, деп хабарлайды энергетика министрлігі.

«Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысқан ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің кездесуінде тараптар мұнай өндіру көлемін тәулігіне 9,7 миллион баррель деңгейінде қысқартуды шілде айының соңына дейін ұзартуға шешім қабылдады»,  – делінген ресми хабарламада.

Ноғаевтың пікірінше, келісім әлемдік мұнай индустриясына оң әсер еткен.

«Мұндай шешім қабылдау қоймаларда тауардың іркілуін тежеп, өз кезегінде мұнайдың әлемдік бағасының өсуіне серпін берді», – деді ол.

Айта кетейік, 6 маусым, сенбі күні ОПЕК+ келісіміне мүше-мемлекеттердің кездесуі өткен болатын.

Оқи отырыңыз: Мұнай саласында үш жарым мың адам жұмыссыз қалды – министр

Сондай-ақ құрлықаралық биржада Brent мұнайын тамыз айында жеткізу келісімшартының ең жоғарғы көрсеткіші барреліне 42,37 долларға жеткен. Ал бұл 22 сәуір күнгі баға құлдырауындағы төменгі көрсеткіштен 26,5 долларға артық.



sputniknews.kz