Мұнай келіссөзіне мейлінше мүдделі ел қайсы

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей және Сауд Арабиясымен мұнай өндіру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізетінін жариялады

Нұр-Сұлтан, 1 сәуір – Sputnik. АҚШ, Ресей және Сауд Арабиясы мұнай салаларына қолдау көрсету үшін қара алтынның әлемдік бағасын көтеруді талқылайды, деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп. Саясаттанушы Владимир Шаповалов Sputnik-ке осы жағдайға қатысты өз пікірін айтты

РИА Новости Трамптың баспасөз мәслихатындағы сөздерін: «Олар да (Ресей мен Сауд Арабиясы – ред.), біз де, бәріміз не істей алатынымызды бағалау үшін жиналуды жоспарлап отырмыз. Өйткені, сіз де мұнай саласынан айрылғыңыз келмейді. Бұл мың-мыңдаған жұмыс орындары болып табылады», – деп жариялады.

Ол мұнайдың төмен бағасы, бір жағынан, америкалық авиакомпанияларға үлкен көмек екендігін, ал екінші жағынан америкалық мұнай саласына зор нұқсан келтіретіндігін мойындайды.

Трамптың айтуынша, ол Ресей президенті Владимир Путинмен және Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманмен «жақсы әңгіме» өрбіткен.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың кешіккен мәлімдемесі Ресей-Түркия қатынасына қалай әсер етті

Sputnik радиосына сұхбат берген саясаттанушы, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің Тарих және саясаттану институты директорының орынбасары Владимир Шаповалов бұл жағдайда АҚШ ең көп зардап шеккен тарап деген пікір білдірді.

«Қазіргі уақытта мұнай нарығында үш негізгі ойыншы бар: Ресей, Сауд Арабиясы, ОПЕК-ті ұсынатын АҚШ және оның мұнай кешендері. Сондықтан, бағаның күрт құлдырауына қарамастан, үш ірі мұнай өндірушілердің арасындағы келіссөздің өрбуі – бұл толыққанды қисынды қадам. Негізінде, мұны Трамп бастап та қойды. АҚШ-тың мұнай өнеркәсібі мұнай бағасын төмендету процесінде басты жеңіліске ұшырады. Өйткені, америкалық мұнайдың өзіндік құны Ресей мен Сауд Арабиясының мұнай бағасынан әлдеқайда жоғары. Бағаның бұдан әрі төмендеуі немесе төмен бағаны ұстап тұрудың тұрақты үрдісінде америкалық мұнай өнеркәсібінің едәуір бөлігі банкротқа ұшырайды. Бұл қазірдің өзінде болып жатыр. Сондықтан Трамп мұнай бағасын жеткілікті деңгейде ұстап тұруға мүдделі», – деді Владимир Шаповалов.

Оның пікірінше, Ресей – Сауд Арабиясы – АҚШ форматындағы мұнай туралы келіссөздер жүруі әбден мүмкін.

«Ресей келіссөз процесіне әрқашан ашық. Осы кезге дейін Ресей мен АҚШ президентінің телефон арқылы сөйлескені, осы келіссөздер процесінің әбден мүмкін екендігін растай түседі. Алғышарттарын құру кезеңі енді ғана аяқталса да, ОПЕК + платформасында оны құрудың үлгісі бар және ол үш жақты форматта өтуі мүмкін. Сондықтан Трамп бұл келіссөздердің бастамашысы болады деп ойлаймын», – деді Шаповалов.

Оқи отырыңыз: Коронавирус ОПЕК-ке қалай әсер етті

Айта кетейік, 6 наурызда ОПЕК + елдері мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімнің параметрлерін өзгерту немесе оны ұзарту туралы келісе алмады. Ресей қолданыстағы жағдайды, ал Сауд Арабиясы мұнай өндірісін одан әрі төмендетуді ұсынды. Нәтижесінде, 1 сәуірден бастап аталған ұйымға мүше елдерде мұнай өндіруге шектеулер алынып тасталады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз