Мұнай бағасы құлдырады
Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен 08:20-дағы сауда деректері бойынша 4,45 пайызға арзандап, барреліне 77,56 доллар болған.
WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 4,72 пайызға арзандап, барреліне 73,04 доллар болды.
Сарапшылардың айтуынша, бұл динамиканың себебі АҚШ-тағы шикізат қорларының күтпеген жерден көп болуынан, бұл бұрынғы болжамдардан айтарлықтай ерекшеленеді.