Мұнай 20 доллар болуы мүмкін деген болжам бар — Қазақстан жаңалықтары
Goldman Sachs сарапшылары мұнай бағасының баррелі 20 долларға дейін түсуін болжады. Бұл туралы Bloomberg жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшылардың пікірінше, мұнай нарығына қатысты болжам 2014 жылдың қарашасынан гөрі жаман. Олар ОПЕК пен Ресей арасындағы мұнай соғысы бағаны төмендетуі мүмкін деп атап өтті.
Өз кезегінде Yahoo Goldman Sachs талдаушысы Дэмиен Курвалинның сөзіне сілтеме жасай отырып, қазіргі жағдай мұнай мен газ нарықтарының болжамын түбегейлі өзгертеді деп жазады. Курвалин арзан мұнай өндірушілер қымбат өндірушілердің өндірістерін төмендетуге мәжбүр ету үшін жеткізілім көлемін арттырады деп санайды.
9 наурызда Brent маркалы мұнай бағасы үштен бірге төмендеп, барреліне 31,44 долларды құрады. Бұл Ресейдің ОПЕК + келісімінен шыққаннан кейін болды. Соңғы рет Brent мұндай бағаны 2004 жылы алған болатын.
stan.kz