Мұхтар Жәкішевтің босатылғаннан кейінгі алғашқы суреті пайда болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ғаламторда Мұхтар Жәкішевтың бостандыққа шыққаннан кейінгі суреті пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық кәсіпкер Арманжан Байтасов бұл суретті инстаграмдағы парақшасында жариялады.

«Мұхтар Жәкішев босатылып, үйге келді!» — деп кәсіпкер жазып қойды.

Байтасов Жәкішевтың қазір үйінде екенін айтты.

Сондай-ақ, суретте кәсіпкерлер Арманжан Байтасов, Нұрлан Смағұлов, Болат Әбілов, Райымбек Баталов бар.

Бұған дейін Мұхтар Жәкішевтің босатылғандығы туралы хабарланған болатын.

 

stan.kz