Мұхтар Тайжан: Сайлау әділ өтсе, «Аманат» партиясы небәрі 10% дауыс жинайды

0

«Жаңа Қазақстанды ескі кірпішпен қалай аламыз ба?» — деген тақырып төңірегінде әңгіме қозғаған «HARD-talk» жобасының 3-шығарылымында Мұхтар Тайжан «Аманат» партиясы қатысты оқиғаларға пікір білдірді, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты.

М.Тайжан сұхбат барысында атауы өзгертілген партияның сайлаудағы жағдайы, бәсекеге қабілеттілігі, жемқорлықпен күресі, билік өкілдерін жақтайтын әдеті туралы сұрақтарға жауап берді.

«Егер әділ сайлау болса, Аманат партиясы жеңіске жетпейді, олар бәсекеге қабілетті емес. Шынымен сайлау өз ережелеріне сай өтсе, онда бұл партия небәрі 10% дауыс жинар еді. Себебі халықтың көңілі Нұр-отаннан баяғыда қалып қойған. 30 жылда, әрине, пайдасы да болған шығар, алайда жамандығы басымырақ.
Ойлап қарасаңыздар, қазіргі таңда Президенттік сайлау туралы мүлдем сөз қозғалмайды. Ондағы ережеде ел басшысының орнына тек 5 жыл шенеунік болған адам ғана үміткер бола алады. Енді қараңыз, журналист, экономист сияқты маман иелері бұл туралы ойламаса да болады. Ендеше Президенттік сайлауға халықтың небәрі 1%-ы ғана түсе алады деген сөз.

Жемқорлықпен күресетін адамның экономикадағы рөлін азайту керек. Себебі ақша бар жерде жемқорлық қоса жүреді. Президенттің «Самұрық — Қазына» компаниясы мен «Бәйтерек» холдингін қалдыруы — үлкен қателік. Бұлар — жемқорлықтың нағыз ошағы. Себебі мемлекеттің қаражаты сол ұйымда сақталады. Оларға антикор тексеріс жүргізе алмайды. Аманат партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді дегені өтірік әңгіме. Ол менің пікірім емес, ол — аксиома.

Жағымпаздық Аманат партиясы үшін дәстүрге әлдеқашан айналған. Партияның қазіргі мүшелері бұрынғы орын алған келеңсіздіктердің жауапкершілігінен қашпауы керек. Еуразиялық Одаққа кіру — сол партияның шешімі болды. Ендеше жаңадан келген мүшелері «біз бұрынғыны қаламаймыз, мына дүниелерді құптамаймыз, ол үшін осындай жаңа қадамдар жасап жатырмыз» деп барлығын нақтылауы тиіс. Сіздер әлі күнге дейін Н.Ә.Назарбаевты тарихи тұлға деп есептейсіздер. Мәселен, Елбасыға қатысты заңды өшіріп тастамайсыздар. Ошановқа журналистер «Неге заң күшін жоймайды?» -деп сұрақ қойса, ол «Назарбаев — тарихи тұлға» деп жауап береді. Геннадий, Черчильдер де тарихи тұлға болғанымен, олардың отбасына, байлықтарына қатысты нақты заң қабылданбады. Егер шынымен партия бейтарап саясат ұстанса, онда басқа шешімдер қабылдағаны жөн. Себебі Қазақстанда да заң алдында барлық отбасы тең болуы тиіс», — деді Мұхтар Тайжан.

(Фото Ult.kz)