Мұхтар Тайжан Кривошеевтің жұмысынан кетуді талап етуде

0
56

Мұхтар Тайжан журналист Денис Кривошеевтің жазбасаны наразы, деп хабарлайды кznews.kz сайты.

Кривошеев өзінің фейсбуктегі парақшасына жазба қалдырып, халықтың ашуын туғызған болатын. Онда ол былай деп жазған болатын:

Бұл жазба қоғам қайраткері Мұхтар Тайжанды бей-жай қалдырмады. Ол енді Кривошеев жұмыс істейтін «Хабар» телеарнасына да және ол жүргізуші болатын басқа жерлерге де бармайтынын баса айтты. Сонымен қоса өзінің Instagram-дағы жазбасында:

«Ақпарат министрі Асқар Умаровқа, Президент Әкімшілігі Басшысының ішкі саясат жөніндегі орынбасары Аида Балаеваға, сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринге осы жүргізушіні барлық мемлекеттік арналардан алып тастауды сұраймын. Ол осы оқиғалар кезінде қаза тапқандардың барлығын қорлағаны ғой. Намыстарың болу керек қой», — деп жазды.