Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевтың сөзін «улы сілекейге» теңеді

0
18

Қазақстан Сенатындағы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік насихатшы Владимир Соловьевтің сөздерін «улы сілекейге» теңеді, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Kaztag.kz агенттігіне сілтеме жасап.

«Соловьев ұзақ уақыт бойы әлемнің көптеген елдерінде нон граттың тұлғасына айналды және қазір санкциялық қара тізімдердің барлығын бастап тұр. Бір кездері «Россия 1» телеарнасында ол Алматыны бомбалауды да ұсынды, одан тіпті бағдарлама қонағы – Мемлекеттік Думаның депутаты Онищенко да үрейленді. Осылай барлығына «улы сілекейін» шашады, ал  өз бағдарламасының қонақтарын жанжалды, арандатушылық мәлімдемелерге итермелейді», — деді Құл-Мұхаммед.

Ол сондай-ақ ресейлік саясаттанушы Дмитрий Дробницкийдің мәлімдемелеріне назар аударды.

«Ресейлік саясаттанушы Дробницкийдің «келесі мәселе Қазақстан болуы мүмкін» деген ойы Қазақстанға қауіп төндіретіні анық. Егер бұл Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚШҰ – дағы достық қарым-қатынастағы Ресейдің мемлекеттік арнасында көрсетілмесе, тіпті назар аудармайтын едік. Ресейлік саясаткерлердің мұндай екпінді, мақсатты шабуылдары Соловьевтің шоуында жиі айтылатындықтан, Ресейдің Федералды билігі тарапынан нақты жауап алыну керек», — деп атап өтті Құл-Мұхаммед.