Мұхтар Әуезов. Абайдың өнері нәм қызметі

0

Абай1 1845 жылы дүниеге келіп, 60 жыл өмір сүріп, 1904 жылы дүниеден қайтты. Қазақ халқын надандықтың айсыз қараңғы түні ғылым сәулесінен бұркеп, түншықтырып түрған кезінде, түншыққан елге дем болуға, қараңғы жерге нүр болуға, надандық-аждаһаны өртеуге Қүдай жіберген хақиқаттың үшқыны Абай туды. Табиғаттың қыңыр жолы кімді билемеген?!

Өскен орта, көрген үлгі, тоңмойын надандық толқыны ағызып, ақыл көзін шын хақиқатқа ашқызбай, заман тонын кигізіп, 35 жасқа шейін ықтиярсыз айдап келді. Бұл жасқа келгенде маңайындажүрттың кір, бұзық мінездері — бар қалпымен көзіне айқын суреттелді. Өкінді, өксіді, жиренді… Осы өкініш, өксіктің уыты бойын кернеп, сөзінде азалы, кекті, улы көп әсер, көп із қалдырды.

Өткен өмір — қу соқпақ, Қыдырады талайды.

Кім алдады, кім таппақ, Салды соны санайды2.

Нені тапсаң, оны тап, Жарамайды керекке.

Өңкей уды жиып ап, Себеді сорлы жүрекке Адасқан күшік сықылды, Үлып жүртқа қайтқан ой, Өкінді, жолын бекінді, Әуре болма, оны қой.

Абайдың белсеніп, қолына қалам үстап надандықпен алысуға кіріскенге шейінгі өмірінің сыртқы пішіні осы болды. Енді Абайдың сөзінің бағасына келейік.

Абайдың ең бір артық өзгешілігі заманның ыңғайынажүрмей, өзінің «өздік» бетін мықты үстап, ақылға, ақтыққа, көңілдің ша- бытына билетіп, көз түнжырарлық кемшілік, міннің ортасында түрып, ортасында жүріп, үлгілі жерден өрнек алып келген кісідей ашық көзбен қарап, барлық мінді мүлтіксіз суреттеуі жырақта жүріп қылт еткенді көретін қырағы қырандай сыншылдығы.

Мүндай сипат Абай бұл жүрген адамдарға үқсамай, өзгеше зор мақсат үшін дүниеге келгендігіне дәлел.

Абайдың қиялы шалымды, ойы терең, ақыл-білімінің әр та- рауынан көкірегінде асыл қазына көп. Сол көп қазынаны барлық ырғағы, нәзік сипатымен қазақтың үстармаған, ысылмаған жуан тілімен биязы ғып шығаруы әрі ақындығы, «қызыл тілді» шешендігі.

Абайдың ақындық өнері, тар жолды, бірбеткей емес. Әр тараулы, сегіз қырлы. Ол тараулар мынау:3 мінез түзететіндік (ахлақ), тереңнен толғайтындық (пәлсапа), сыншылдық (кри- тика), суретшілдік (художественность), жүректің мүң-зарын, сырын тапқыштық (лирика), ащы тілділік, ызалықпен күлетіндік (сатира), һәм керемет переводшиктік.

Мүндай әр жақты, сегіз қырлы өнер басқа ақындардан табыла бермейтін Абайға ғана хас сипат.

Абайдың өлеңінің көбі-ақ мінез түзеу жолына арналған. Көп өлеңнің ішінен мысал үшін мына бір сөзін алайық.

Мағлүмға жанын, ашып, ішің күйсін,

Харекет қыл, пайдасы көпке тисін.

Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін4.

Тереңнен толғап, хақиқатты болжап, пәлсәпа жолымен де сөйлегендігіне кейінгі сөздерді мысал қылуға болады.

Кім жүрер тіршілікте көңіл бермей, Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей. Міні қайда екенін біле алмассың Терең ойдың телміріп соңына ермей 5.

Әркімді заман сүйремек,

Заманды қай жан билемек?

Заманға жаман күйлемек?

Замана оны илемек6.

Және «Алла деген сөз жеңіл» деген сөзі де пәлсапамен сөйлейтіндігін көрсетеді. Абайдың басылмаған қара сөздері көп.

Сол сөздерінің бәрі терең ойға салып толғап жазылған. Ахлак, адамшылық, дін, халықтың мінезі неше түрлі хақиқаттар туралы жазылған сөздері Абайда пәлсапа қуаты барлығына үлкен дәлел. Абайдың данышпандық белгісі — өзі шығарған он алты мақалы бар. Мақалының біреуі: «Әкесінің баласы — адамның дүшпаны, адамның баласы — бауырың», — деген.

Заманындағы өнерсіз, қалжыңбас жігіттерді, шен қүмар ел адамдарын сынағаны, өлеңге, ән-күйге бағақойғандығы Абайдың сыншылдығын көрсетеді.

Өзге сипаттарының ішіндегі ақындық сезімінің артық жетіктігі, дүниенің, сыры мен жүрегінің жалғасып, ымдасып кететіндігі. Жылдың төрт уақытын қазақтың өмірімен үйлестіріп жазғандарын оқып отырғанда сол уақыттарды көзіңмен көріп, денеңмен сезіп отырғандай суретін алдыңа әкеліп елестетеді. «Сөзімде жаз бар шыбынсыз» — дегені өзінің ақындығына көзі жеткендігімен айтқан. Мысалы, Абай көз алдына мынандай дүниенің түрін келтірген: желсіз, жарық түн, әдемі тау, ағашты су, су бетінде дірілдеген айдың көлеңкесі, үйықтаған ауыл, үрген ит. Бұл дүниенің бір үнасымды суреті. Нәзік мінез, ыстық махаббатқа жүректері толып айқасқан екі ғашықтың сүлу халін дүниенің әлгіндей сүлу суретімен қүбылыстырып «Желсіз түнде жарық ай» деп жазған өлеңі суретшілігінің зор куәсі.

Ғашықтық жайын, әйел турасын жазғанда Абай аса шеберлеп, қызықтыра сипаттайды. Ондай өлеңдерінде ахлақжолынан алыс- тау кететін орындары болады7. Бірақ мүнысы ақындық жолында кешірерлік іс. Ақынның жүрегі не нәрсенің болсын жарастығын, келісімін, сүлудың сүлуын іздейді. Жүрегінің сезімі, көңілінің шабыты билеп, өз бетімен жазып кеткен сөзін былай неге жазбадың ахлаққахлаф8 деу жол емес, ол зорлық. Оның суретшіл көңіліне, жүрек қиялына басқаның мөлшері өлшеу емес.

Абайдың бірсыпыра өлеңдері жүрегінің сырын, шерін толқытып қанымен, мүң-зармен шығады. Мысалы, «Өлсем орным қаражер сыз болмай ма?..» «Ішім өлген, сыртым сау…», «Жүрегім менің қырық жамау…» деген өлеңдері.

Шаншып алма ащы тіл, ызалы күлкі, кекесін де Абайдан та- былады. Ұнатпаған қылықтарды көріп, кекеп, жерлеп, мысқыл қылатын жерлері де көп. «Болыс болдым мінеки» деген өлеңі жа- ман болысты сықақ қылған ылғи кекесін. Мінді кекеп айтқанына кей жерлерде үстірт қараған кісі түсінбей қалуға да болады. Мысалы, парақор болыс туралы кекеп айтқан бір сөзі мынау: Кісімсі қайда болса олжаға тоқ, Шүқыма халық көзінше қарғаша боқ! Жұрт — бала, еш нәрсесін тартып алма Білдіртпей ептеп алсаң залалы жоқ.

Жатты жау деп еліңді үрпитіп ап, Жауға жабдық деп жиып, пайда қыл тез9!

Көп өнерінің бірі — Абай керемет переводшы болған. Переводқа шеберлігі мынадан білінеді: кейбір орыс өлеңдерін қазақ тіліне аударғандары өзінің тән өлеңінен артық деуге болады. Орыстың әдебі болған толғаулы, ырғақты, нақысты бай тілімен жазылған сөздерін қазақтың кедей, дөкір тілімен үғымды, мағыналы, терең, тілге жеңіл келтіріп переводтауы мейлінше ұсталығы. Кейбір өлеңдерді, мысалы: «Қараңғы түнде тау калғып»10, «Түтқындағы батыр»», «Кинжал»12, «Жолға шықтым бір жым-жырт»13 қалыбынан, мағынасынан һеш аудар- май перевод еткен. Кей жерлерде сөздің мағынасынан ғана алып, қазақтың үғымына ыңғайлап сырт пішінін өзгерткен. Абайдың ақындығының еркіндігі сол: кейбір переводты өз өлеңінен асы- рып, түрлеп жіберген. Мысалы: «Теректің сыйы»14, «Онегиннің хатын» Пушкиннің геройынан15 өзгертіп, тілін сүлулап перевод қылған.

Енді Абайдың тіл жағына келсек, тілі үғымды, қысқа, аз сөзге көп мағына сыйғызғыш. Өрнекті, дәлшіл, күйлі, таза һәм анық келеді. Тіл терең мағыналы болғандықтан жүрттың көбіне үғымсыз, ауыр жерлері де болады. Жалпыға түсініксіз сөздері туралы: «Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін»16, — деп өзі де айтып кеткен, «Көкірегі сезімді, тілі орамды, жаздым өлең жастарға бермек үшін»17, — деген сөзінен; «Бұл сөзді тасыр үқпас, талапты үғар»18, — деген сөзінен Абайдың жалпы үшін өлең жазбағандығын көрсетеді.

Бұрынғы ақындармен Абайды салыстырып көрейік. Бұрынғы ақындардың, шешендердің өрнекті, түрлі мағыналы тілдері болмағандық па? Болса да көбі жазылып, нүсқауға түспегендік пе, қазақ тілі аса үстарып өрнекті келмеген. Қазақ тілін анық түрлеп, керекке жаратып, түзеген Абай.

Бұл бір. Екінші Абайдан бұрынғы қазақ әдебиетінің беті мақтау, жамандау, асыру, кеміту, болмаса зарлаған сары уайым болып келген. Мінезді суреттеп, мінді айтып, адамшылыққа жөн сілтеген ақындар болмаған. О кездегі ақындар ия қошеметшіл, ия тіленші, ия мақтаншақ болып заманның ыңғайымен кетіп, сөздеріне баға қойылмаған һәм баға қойдыра алмаған. Мұның себебі: ол кезде ақындық өнер орнына жүрмей, жан сақтап, дүние табу жолына жүмсалғандықтан: ақыл көзінің шарасы кең, халықтың бетін бұрарлық, жол көрсетіп, түре саларлық, білімді, дана ақындар шықпағандықтан: ақындық пен тіленшілік жанас жүрген соң халық ақындыққа терең көзбен қарап қадірлемегендіктен, һәм ақындар төмен, нашар жерлерден шығып, аталы адамдар ақындықтан жиренгендіктен еді19.

Абайдан бергі қазақ әдебиетінің беті жаңа түр тапты. Абай бұрынғы ақындардың үстанып келе жатқан бетін тастап, тыңнан жол салды. Бұл Абайдың бұрынғы ақындардан ақыл көзінің артықтығы болды — бір; ақындығы күшті болды — екі; өлеңнің өнер екендігін білді — үш. Сонымен Абай ешкімнен үлгі алмай, қазақ әдебиетінің бетін бұрып, мүйіс шығарды. Өлеңшілікке өзгеше түр кіргізді. Осы күнгі қазақ әдебиетінің түрі Абайдың көрсеткен бетімен келеді. Абайдың ақындық күшінің зорлығы — өз заманындажүртты өзіне қаратып алып, кейінгілері де сол ізбен әкеле жатыр. Кейінгі жазушылардың бәрін Абай өзіне еліктетіп, соңынан ертіп шәкірт қып әкетті. Абай өлеңнен неше түрлі өлшеу көрсетіп, көп түр кіргізді. Бұл күнде ақындар Абайдың салған көп түріне түр қоспақ түгілі, әлі сол түрлерді түгел сіңіріп ала алған жоқ. Көптің бетін бұрып алғандығы — ақындық екпіннің күштілігі. Абайдың өлеңін пайдаланып, еліктеу әлі қызған жоқ, бірақ мұнан да артық қозып, бірталай заманға шейін бармақ. Ақындығы Абай қатарлы адам шығып, жаңа түр тапқанша осы буындағы әдебиеттің беті «Абай дәуірі»20 деп аталады.

Қазақтың әдебиеті ілгері басып, өрлейтін болса, Абайдың бұл қызметі әдебиетімізге негіз болып, келешектегі көтерілуіне тұрғы болмақ. Пушкин айтқандай, Абай «өзіне мәңгілік ескерткіш орнатып кстті»21.

Абайдың пайдасыз сөзі жоқ. Ахлақ, адамшылық туралы айтқан терең мағыналы, үлгілі сөздері кемшіліктің мінезін тәрбиелеп, ақыл көзінің ауданын кеңейтпек. Жүректен толғанып, ыза мен қайрат айдап шыққан қайғылы, қапалы22, зарлы сөздері адамның ақылын өз ішіне үңілтіп, жанымен сырластырып ұғып, оқып түсінгендердің сөзімін тәрбиелемек.

Бұл күнде жұрт Абайдың сөзімен пайдаланып, айтқанын ала қоймайтындық — көптің қараңғы, надандығынан. Бірақ Абайдың

 

соңынан ерген, сөздері әсер берген кісілер жоқ деуге тағы бол- майды. Халық жалпы ғылымға бет қойып, көзі ашылған сайын Абайдың сөзінің бағасы артылып, өзінің нұсқаған жолдарына халықтың үғымын сүйремек, көпшіліктің қараңғы надандығына қарағанда Абайдың көп сөзі ертерек айтылғанға ұқсайды, бірақ іске аспай, керекке жарамай қалмайды. Жұрттың хақиқатқа көзі ашылуға айналса, тағы бірталайға шейін созып барады.

Қазақ жұрты кең дала, еркін ауада сайран қылып, жер мен көк, су мен ағаш, тау мен тастың тамаша сырларымен бірге туысып, біте қайнап, басы бос, қиялы күшті, бұлғақтап жүрген дүниенің бір ерке баласы. Сондықтан қазақтың сүйегіне біткен ақындығы бар — бұл бір. Екінші, әдебиетіміздің алғашқы адымында надан халықтың ішінен мәдени жұрттардың алдыңғы ақындарымен та- ласа Абай сықылды кісі шығып көтермеші, таяныш болып отыр. Бұл екі себепке қарағанда, біздің әдебиетіміз мәдени жұрттардың әдебиетінің қатарына тез ілінеді деп білеміз.

Абайдың істеп кеткен қызметі әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгергі қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты, өрнекті болуына лайық. Қуанамыз! Нанамыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнаттың!23 Еңбегіңнің жемісін өзің көрмесең, аруағың көріп қуансын!

Екеу

 

Мұхтар Әуезов 50 томдық шығармалар жинағынан алынды.

Дайындаған: KzNews.kz порталы