Мұхтар Әуезов. АБАЙДАН СОҢҒЫ АҚЫНДАР

0
168
абай қыс өлеңі

«Абайдан соңғы ақындар», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет «Абай» журналының 1918 жылғы 5-санында жарияланған. Кейін «Қазақ әдебиеті» газетінде (1990, 10 тамыз), «Жұлдыз» журналында (1997, №9), шығармаларының 50 томдық толық жинағының 1-томында (1997) басылды. Мақалаға «Екеу» (Ж. Аймауытовпен бірге жазған) деп қол қойған. Мұнда Абайдан соңғы кезеңде әдебиетімізде өлең жазушылардың көбейіп, халықтың сана-сезімі оянып, жаңаша сипат ала бастағаны сөз болады.

 

Қазақтың мінезін суреттеп, мінін жазып, сырын ашып, көзге көрсететін, елдің халін қайғырынып, жақсылыққа сүйреген сөздер Абайдан бері басталды. Абайдан бүрын қазақтың мінез- қалпын суреттеп берген айна болған жоқ1, міні айтылмай, жүзі жуылмай, бітеу, түйық күйде келді. Сол уақыттағы сөздер таразыға тартылып, ақылға салынбады. Надандық пердесін жыр- та алмады. Таяз, үсақ, көрнексіз түрде болды. Абайдан бері әлгі өмірдің түйығы жойылып, түйіні шешіліп, сыры сыртқа шығып, мінез айнаға түсіп келе жатыр. Қалам шамасынша шеберлеп, келісті жақсыны да, кейіпсіз жаманды да суреттеп отыр.

Әдебиетіміздің атасы болған Абай туралы өз пікірімізді жазып едік2, енді Абайдан соңғы ақындардың өнері туралы пікірімізді жазбақпыз.

Қазір бізде өлең жазушылар көбеюіне себеп болып отырған нәрсе — бір «оянудың» барлығы3. Бұл оянуға бірінші — Абай, екінші — «Қазақ» газетасы4, үшінші жалпы жүрттың ғылымға бет алуы себеп болды. Абайдың қай өлеңі болсын кейінгі буынды жетектеп, түртіп, қозғайтын әсер берді. Кейінгілерді бұл әсер ойлантты, оятты, бүған жалғас оянған ойдың бетін түзеп, жолға салып, ілгерілеуіне қамшы болған «Қазақ» газеті.

Бұл газет халықтың саяси көзі ашылуына, «жүрттық» де- ген ойдың кіруіне қандай себеп болса, әдебиеттің гүлденіп, өркендеуіне де сондай себеп болды. Егер келешекте қазақ әдебиеті буынын бекітіп, қатарға кіретін болса, «Қазақ» газе- тасына борышы үлкен. Бұл газеттің әдебиетке істеген аталық қызметі мәңгілікке атағын шығарып, қадірін күшейтеді.

Осы күнгі өлеңшілердің5 жалпы бетінде халықтың жалғыз ғана мінін айтып, жақсылыққа нүсқайтын, бірақ ақындықтың түгел шартын көксемейтін бірбеткейлік бар: көбіндегі бір мінез — халықтың мінін айтса да, жақсылыққа тартса да, тірелетін қазығы — «үлтшылдық»6 болып отырады. Бұл үлтшылдық қазақ жүртының қысылып, таршылықта келіп, өнер, білім жүзінде өзгеден кейін қалғандығынан. Енді сол қысымшылдықтан босанып, тез ілгері бассам екен деген табиғи мақсатынан шыққан нәрсе. Бұл үлтшылдық қазақ газетінің ру- хында бар-ды. Г азет түрмысқа жанасатын керекті көздеп, жүртты өнерлі қылуға, көзін ашуға тырысады. Өлең үлтшылдық жолмен кетіп отырса, газеттің соңынан ергендік, ақындарымыз өлеңнің мағынасынатүсінбегендік. Бүған газет кінәлі емес, ақындардың солақайлығы кінәлі.

Өлең бір мақсатқа жүмсалатын қүрал болу керек емес. Жалпы еркін, азығы талғаусыз өнер болу керек. Өлеңге қоятын шарт: еркін ой, шарықтаған терең қиял, нәзік, өткір сезім, қүйылған сүлу сурет, кестелі, таза, қысқа, анық, дәлді, нығыз тіл. Осы айтылған шарттарды түгел сіміріп, төрт табанды, сегіз қырлы болып шығатын өлең Абайдан соңғы ақындарда некен-саяқ.

Тегінде «ақын» бар, «өлеңші» бар7. Ақынға қойылатын шарт- тар: әлгі айтылған өлеңшілікке ол шарттардың кейбірі болса да жарай береді. Бұлай болғанда біздің өлеңшіміз көп, ақынымыз аз. Сілтеген қаламы, сермеген талабы көлемденіп, төгіліп, түрленіп, жапырағы желкілдеп, қолмен қойғандай мейірің қанып, тойғандай болып шығатын өлеңдер бұл күнгі ақындарда аз. Көбінің өлеңі — шеберлеп айтқан қара сөз8. Мәдениеттің төменгі басқышында жүргендіктен әдебиеттің өзге түрлері тараулай алмай, кешегі өткен ақындар мен билердің сөзіне еліктеп, не жазса, өлеңмен жазу бү күнгі өлеңшілерге сән болып жүр. Бірақ бұл әдет ілгері басқан сайын қала беру керек. Өлеңшілікке өнері жоқ, жай тілді кісілер өлеңге салынып, бойдағы өзге өнерін жо- йып алуға мүмкін; және өлең болуға лайықсыз сөзді жүрт өлең қылып жүр. Шарты табылмай, зорлықпен қылғынып отырып жазылған өлеңнің әдебиетті күшейтуге септігі жоқ. Қайта сыңар жақ қылғаннан басқа.

Біздің ойымызша, қазіргі жазылып, шығып жүрген өлеңдерде мына сияқты міндер бар: Табиғаттың һәртүрлі түрімен сырласып, мүңдаса алмайды. Өлеңдерін оқып отырғанда көңіл жоғарылап, қиял шарықтап, басқа бір дүниеге кіріп кеткендей болатын қуат аз. Адамның жүрегінің сыры табиғатпен жалғасса; қиялы күшейіп, мінезі көркейіп, сезімі нәзіктене бермек. Және ақынның қиялы жай ақын емес кісінің қиялынан артық болу керек. Салған жерден оқушыны соныға салып жібергендей болсын. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Көлеңке басын үзартып» деген өлеңдеріндей бұл күнгі ақындарда өлең жоқ9.

Көрген нәрседен көңілде өзгеше артық бір әсер қалып, аудар- май, бұлжытпай тілмен суреттеп беру соңғы өлеңшілерде күшті емес. Сезім, көңіл суретін тілмен үйлестіріп көлтіру ақынның ғана қолынан келетін жүмыс. Бұл турада Абайдың суретшілігіне жеткен әлі ақын жоқ. Аңшылықты, жылдың төрт уақытын су- реттеген өлеңдеріндей суретті сөздер қай ақында бар?10 Және сол төрт уақытты суреттегендегі Абайдың қиялымен сезімінің күштілігі соңғы ақындарда кем.

Кейінгі ақындардың тағы бір міні — сыршыл еместігі. һәркімнің жүрегінде бір жасырын сыр бар, жасырын тіл бар, жасырын күй бар. Ақынның ақындығы сол жасырын сырды тауып, жүректі тербетіп, қуантып, мүңайтып, жасырын күйдің шегін шертіп, һәрбір пернесіне тап басу. Ондай өлеңді оқығанда оқушының шері қозғалып, ой-көзі жүрегіне үңілетін бір әсер пайда болады.

Онан соңғы бір міні — тілдерінің шебер, кестелі еместігі. Сөздерінің сырты тақылдап, үйлесіп келсе де нәзік сипаттарды жетік суреттей алмай, жадағай, үстірт кетіп, айтпақ суретін көңілге берік қондыра алмайды. Жас ақындардың ішінде сезіміне сөзі жақын келетін суретшілдігі бар — Мағжан11. Бірақ оның тілі де кестелі, толық келмей, өлеңінің әсері көңілге ала қонады. Мысалы: «Жолда» деген өлеңінде боранды сипаттағанда тілін жеткізе алмай: «Жел… ішін тартып осқырып» деген жерінде көңілге байланып келе жатқан суреттің түрі бүзылыңқырап кетеді12. Өлеңде, әдебиетте жанды нәрсенің сипатын жансызға жамайтын жол бар; бұл бірақ үнасымды болған жерде қосылады. Мысалы: сол өлеңінің ішінде: «Жел… кейде қатты ысқырып» дегені үнан түр. «Осқырып» деген сөз желге жанаспайтын сипат. Бұл айтылған суретшілдік, терең қиял, сыршылдық, кестелі, шебер тіл, нәзік сезім ақындардан ғана сүралатын сипат. Өлеңдерінің сыртқы түрі мен қалпына қарап қазіргі өлеңшілерді бірнеше жікке бөлуге болады.

  • Сезімге әсер берерлік суретті өлеңдер көбінесе Мағжан, Міржақып, кейде Сүлтанмахмүт һәм Ахмет Мәметовтікі13. Бұлардың өлеңінде өзгеше бір сарын бар. Жүрегінің сезімін суреттейтін, жалғастырып әкететін артықша бір маңыз бар. Бұлар — сыршыл (лирик) ақындар.
  • Екінші жіктің өлеңшілері — Ахмет Байтүрсынов, Сәбит Дөнентаев, Шаһкәрім, Бекет Өтетілеуов14. Бұлардың өлеңі сырты төгілген, сүлу, тілі кестелі, анық, халықтың үғымына, окуына жеңіл, тәтті. Бұлардың өлеңінің сезім мен қиялғатәрбие әсері аз, ақылға азығы бар. Бұлар — халықшыл (народник) ақындар. Ана ақындардан бұлардың сөзінің халыққа бір атасы жақын түрады.

Осы күнде сәні кетіп бара жатқан үшінші бір жік бар. Бұл жіктің ақыны ескі өлең, жыр, тақпақтарға еліктеп, желе- жортақтатып, қүбажондатып келетін Ғүмар Қарашев15.

Енді осы жоғарғы атанған үш жіктің өлеңшілерінің бас- басына тексереміз.

Алғашқы айтылған төрт ақынның ішінде Мағжан, Ахмет, Сүлтанмахмүт бөлек, Міржақып бір бөлек. Алғашқы үшеуінде орыс ақындарына еліктегіштік бар. Еліктегіштік ақындық жо- лында мін емес. Пушкин16 мен Лермонтов17 өлеңінің көбінде Байронға18 еліктеген деп айтылады; бірақ еліктеумен олардың ақындық дәрежесі кеміген жоқ, қайта орыста оларға жеткен әлі ақын жоқ.

Сыршыл ақындардың ішінде өлеңнің ішкі суретіне сөзінің сыртқы кестесі үйлесіп, маңызды болып шығатын Мағжанның өлеңдері. Мысалы: «Орамал», «Жолда», «Туған жер» сияқты өлеңдері. Мағжан өлеңіне үқсайтын Ахмет Мәметов пен Сүтанмахмүттың кейбір өлеңдері. Бұлардың еліктеу күші де, көңіл қиялы да қалаған жерден дәл шығып отырмайды. Сыршылдық сипатын көрсететін Сүлтанмахмүттың «Жас жү- регі», Ахметтің «Су жағасында» деген өлеңдері сияқтылар.

Бұл айтылған өлеңшілердің ішінде өзінің ақындық беті күшті, түр тапқыш, аса еліктегіш емесі — Міржақып. Кенеттен келген оқиғаны тез сезіп, тез сіңіріп, тез жауап тапқыш, жүйрік қиялды өлең Міржақыптан шығады. Мысалы: Сүлеймен Бижановтың, Қазы Нүрмұхаммедовтың өлімдеріне шығарылған: «Жұт»,«Қайда едің?» деген өлеңдері сияқты19«20. Жүрекке әсер беретін өлеңдері: «Сағыну», «Қиял», «Шәкірт», «Қажыған көңіл», «Айырылу», «Жамалдың зары». Осы өлеңдерінде адамның жүрегіне тиетін қасіретті, зарлы, салмақты әсер бар. Міржақып өлеңдерінің кей жерлерінде тілді түтып қалып отыратын сөз, буынында не артықтық, не кемдік болып отырады. Мысалы, «Айырылу» деген өлеңінде:

Жүректің қасіретін жаспен жуып,

Келесің жаным сезіп, қайтып жуық.

Рахат рухына тілеп хаһтан,

Хош айтып кетпес бе едім көңілім суып21,—

дегендегі «Рахат рухына тілеп хақтанның» бір буыны басқала- рынан кем. Бұл — сөздің маңызын қуғандықтан. Міржақыптың алғашқы кездегі өлеңдері шүбалаң, маңызсыздау еді; ақындық күші соңғы сыршылдыққа айналған өлеңдерінде көріне бастады.

Енді екінші жіктің өлеңшілеріне келейік.

Ойына сөзі дәл, тілге жайлы, көркем, халықтың керегіне, кемшілігіне ғана арналған өлеңдер Ахмет Байтүрсыновтікі. Ахмет өлеңдерін ақындық еркі билеп, қиял ермегі айдап шығармайды. Ойды оятуға, миды сергітуге, мүңлы, мүқтаж, терең мақсаттүртіп шығарады. Бірессызамен зекіп айтып, біресе зарланып, шермен айтып, біресе ақыл қылып, сипап айтып, ие қылса халықтың көзін ашпақ. Өлеңінде толғанған ой, толқыған шердің көп ізі бар, бірақ бүған қарап, қиялы шалқып, шарықтап кетпейді. Ылғи халықтың нәзіктенбеген сезімімен, жетілмеген үғымымен есептесіп отырады. Ахметтің көзге түсерлік бір өне- рі — переводқа шеберлігі.

Халықшыл ақындардың ішіндегі алдыңғы қатардағы Сәбит22. Сәбиттің өлеңі қысқа, дәмді. Аз сөзге көп мағына сыйғызғыш, сөзді ойына қүл қылған, тілі тәтті, дәл келеді. Сәбит өлеңінде көңілге тақ еткізе түсіретін тапқыштық, салыстырғыш, сыншыл- дық, аса терең болмаса де, төрт тағандап түсетін нығыздық бар. Мысалы, «һәр жан һәртүрде», «Той», «Азаттық күні», «Жаңа жылға» һәм басқалар сықылды өлеңдері сүлулығы, үғымдылығы, тілге жеңілдігі, тәттілігімен қандай надан адамның болсын, көңіліне қона кетеді. Сөзге еркін, бай екендігіне қаптап тізген өлеңі дәлел.

Сыртының сүлулығы, тақылдақтығымен Ахмет пен Сәбиттің өлеңіне Шаһкәрімнің өлеңі ұқсайды. Бірақ терең мағыналы сөздерді өлеңмен келтірем деп сөзін созыңқырап, шұбатып әкетіп, оқушыны тез жалықтыратын қалпы бар. Шаһкәрім көбінесе өлеңі халыққа ұғымды болуын көздейді және өлең арқылы халықтың ақылын да тәрбие қылып, жетілдіргісі келеді. Осы күнгі ақындардың ішіндегі Абайға өлеңінің сыртымен болмаса да ішкі мағынасымен еліктеген кісі — Шаһкәрім. Мінді, кемшілікті айтқанда жерлеп, кекеп, шенеп, оңдырмайтын Шаһкәрім өлеңінде шанышпа, ащылық бар.

Бекет Өтетілеуовтің өзімен, өлеңімен таныстығымыз аз. Пере- воды үғымды, жеңіл, тәуір.

Ғұмар Қарашевта Марабай ақын23, Бұхар жырау24, тағы сол сықылды бүрынғы ақындардың қалпымен кеткен ескінің сарқыты бар. Бірақ ескілік сөздер батырдың батырлығын, бидің шешендігін, ханның хандығын, салтанатын жетілдіртіп, ескектетіп айтқанына келісуші еді; ол кездегі халықтың рухы да, тұрмысы да ескек, асқақ сөзге лайық келуші еді. Халықтың мінезін суреттеп, мінін айтып, терең пәлсәпә сөздерді желдіртіп, ескектетіп айту бұл заманда артық, ұнаспайды. Өлеңнің сыртқы ағымын қуып отырғандықтан, ішкі мақсат анық шықпай, иленіп, бытырап, бірін-бірі басып, көкірекке айқын із түспейді.

Осы күнгі өлеңшілер туралы қысқаша пікіріміз осы. Бұл ақындардың өнері туралы бар болған сыны бұл емес. Нығызырақ сынауға бас-басына арналып бір мақалажазылып, өлеңдері әбден сай, бақса қылыну керек. Бұл жазғанымыз бір сыдырғы жалпы қарап өткендік.

Жоғарыда айтып едік; өлеңші бар, ақын бар деп. Қандай өлең жазған кісі ақын болатыны аз да болса байқалған шығар. Бұл айтылғандардан бізде ірі ақындардың аздығы сезіледі. Әдебиеттің күшейуіне осы күнгі ақындардың үлкен себі әзір тиген жоқ. Тимегені белді, күшті ақын шығып, жазған өлеңінің бәрі маңызды болып, әдебиетке түр тауып бере алмай отыр. Бірінің 4, бірінің 5, бірінің 6 өлеңі ғана көңілдегідей болып шығады және һәр ақынның беті һәртүрлі. Күштеп көп жазған

 

бір кісі болмаса, әдебиет беті түр таба алмайды. Кейінгі қалам үстағандарда не жазса өлеңмен жазғысы келетін бір әдет бар. Тіпті, өлеңге ыңғайы жоқ кісілердің ақын болам дейтін ойы бар. Бұл ой — қате, ақындық бар болса өзі де түртіп шығады. Жанды артық қинатпайды. Шабыт айдамай, жан қиналыл, келіесіз жазылған өлеңнен ақын еместігі беп-белгілі көрініп түрады. Әдебиетімізге жақсы өлең, шын ақынның сөзі көрік беріп, күшейте алады. Әдебиет бақалшының қоржыны емес, қотанда жатқан қиқым-сиқымды балаларға алдап сатып, тыға беретін. Әдебиетке қызмет қылуды әркім-ақ тілейтін шығар; бірақ қолдан келмейтін нәрсеңмен қызмет қыл деп әдебиет қыстамайды; өлеңнен өзге ертегі, жүмбақ, мақал, тақпақ, қара сөзбен қызмет етуге де болады. Шамасы келетін де, келмейтін де өлеңге жүмылғандық — бәрі бірдей не тойшы болғандық, не қойшы болғандық. Тегінде әр жақты болмай, бір беткей сыңар жақ болу да қате деп білеміз.

Екеу

Мұхтар Әуезов