Мұхтар Әблязовтің жеті сыбайласы ұсталды

0

АҚШ пен Англия соттары да Әблязовке қатысты талапты негізді деп тапқан

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтің жеті сыбайласы ұсталып, сотқа тапсырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Сергей Перов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бас прокуратура Ресейдің үш азаматына (Артур Трофимов, Максим Хаблов, Анар Әбдіхаимова) бір украиналық (Ержан Кадесов) пен 3 қазақстандыққа (Анатолий Погорелов, Валерий Налобин, Зәуре Жүнісова) айыптау актісін бекітті.

«Олар тергеуге көмек көрсетіп, ақша жымқыру бойынша Әблязовтың қылмыстық әрекетін ашық айтып берді. Қылмыстық істі Алматының Медеу ауданындағы №2 сот қарастыратын болады», — деді Сергей Перов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мұхтар Әблязовпен бірге тағы 16 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Олардың бәрі халықаралық іздеуге жарияланды.

Тағы оқыңыз: Бас прокуратура Әблязов банкирді өлтіруді ұйымдастырды деп есептейді

Сондай-ақ, департамент басшысы АҚШ пен Англия соттары да Әблязовке қатысты талапты негізді деп тапқанын айтты.

Әблязовтің ісі қайда қаралып жатыр

Қазірде Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластарына қарсы сот процестері Қазақстанда ғана емес, Ресей, Украина, Ұлыбритания, АҚШ және Францияда жүріп жатыр.

БТА Банк 2015 жылдың маусымында банк лицензиясын өткізіп, Қазақстанның банк жүйесінен шықты. БТА Банктің негізгі акционерлері — Казкоммерцбанк (46,5%), ал 2018 жылы біріккеннен кейін — Halyk Bank, пен қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев (46,5%).



sputniknews.kz