Мұхамеджан Тазабек көзіне ота жасатқанын мойындады
Ақын Мұхамеджан Тазабек халықтың арасында талқыға түскен әңгімесіне нүкте қойды. Ол көзіне ота жасатқанын мойындады.
“Біраз оқырманым “Қабақ жасаттыңыз ба? Блефаропластика ма?” деп сұрап жатыр. Жоқ көзімнің жарығына (грыжасына) ота жасаттым. Содан көзім тартылып, ашылыңқырап тұр. Қабақ тарту немесе басқа да эстетикалық ота емес. Уақыт өте келе көздің көруіне әсер ететін дүние. Әр нәрсенің алдын алған дұрыс деп ойлаймын”, – деді Тазабек.
Еске сала кетейік, ақынның Ердоғанның ұлымен түскен суретінде оқырмандар оның көзіне ерекше назар аударған еді.
фото: adyrna.kz