Мұхамеджан Тазабек келін түсірді
Белгілі дінтанушы, медиа менеджер Мұхамеджан Тазабек шаңырағына келін түсірді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Жігіт үйленгеннен кейін өз проблемасын, өз отбасының (жұбайы, бала-шағасы) проблемасын өзі шешуі қажет. Әкеге баланың бойұсынуы ол басында болуы керек. Қасына жары келгеннен кейін өз мәселесін өзі шешуі керек. Оның өміріне әке-шеше араласа бергеннен ештеңе шықпайды.
Өткен жолы анаңыздың тойынан мол тағылым алдық, бұл тойды да бізбен бөліссеңіз” деп келген көптеген өтініштермен тойдың маңызды сәттерін сториста, рилста бөлісіп отыруға тырысамын. Бұл жолы де ерекше сыйлықтар дайындадық. Басты сыйлық – садақ. Басқа сыйлықтар бола береді ғой, бірақ қазақ екенімізді еске салатын, жауынгерлік пен жігіттіктің иісі шығып тұрса екен дедім. Міне, бүгінгі тойдан алатындарыңыз“, — деді тәлімгер.