Мұхамеджан Тазабек Елдос Сметовтің медалын тағып, көзге түсті

0

Белгілі айтыскер ақын, дінтанушы, тәлімгер Мұхамеджан Тазабек Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті құттықтады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол өзінің жеке парақшасына чемпионның алтын алқасын мойнына тағып түскен фотосын жариялады.

“Жалғыз алтынды жақыннан көрдік”, – деп жазды медиа маманы.

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж олимпиадасында 60 келі салмақта топ жарып, дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы және үш олимпиада жүлде алған алғашқы қазақ атанған еді.

Одан кейін, «Жеке өміріме қатысты дүние» деп Елдос Сметов олимпиада чемпиондығы үшін алатын 117 миллионды қайда жұмсайтынын айтудан бас тартқан еді.