Мұхамеджан Тазабек Алланы бір рет аузына алған жоқ: Сәкен Майғазиев «Тәлім трендке» неге барғанын түсіндірді

0
0

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәкен Майғазиев отандық тілшіге сұқбат беріп, фонограммаға шектеу қоятын заңға қатысты ойын, көрші елдерде болып жатқан жағдайларға қатысты пікірін айтты.

Сұқбат барысында Сәкен Майғазиев ұлттық арнада жақында көрсетіле бастаған «Тәлім тренд» бағдарламасы жайлы ойын айтты. Ол бағдарламаны айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек жүргізеді. Сәкен Майғазиев бағдарламаның қазіргі әндер жайлы шығарылымына қатысқан болатын.

«Бағдарлама барысында мен үш рет «Алла» деп айтқан шығармын. Бірақ Мұхамеджан Тазабек бір рет те аузына алған жоқ. Ол жерде дін туралы әңгіме болған жоқ. Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай әндері, кешегі «Гәкку» қандай еді деген әңгіме қозғалды. Қазір рэп оқып, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жүргендер жайлы, сырға тағып, мұрын тескендер жайлы жасалған бағдарлама болды», – деді Майғазиев.

Бағдарламаны көрмей жатып, көпшілік жала жауып жатыр, деп түйіндеді сөзін әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Мұхамеджан Тазабек бағдарламаның ұлттық арнадан көрсетілуіне қарсы болғандарға жауап берген болатын.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз