Мұхамедиұлы Қазақстанға туристерді тарту үшін Грузия мен БАӘ тәжірибесіне сүйенуді ұсынды — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Елімізде туризмның дамуы үшін шетелдік азаматтардан бір түнге 2-4 доллар мөлшерінде «Bed Tax» ұқсас туристік жарна алу тәжірибесі енгізіледі. Бұл туралы 12 наурыз күні Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп жазады Stan.kz

Арыстанбек Мұхамедиұлы

«Біз Грузияның, Чехияның, БАӘ-ның тәжірибесі бойынша елдердің келу туризмін дамыту үшін негізгі нарықтарда жылжыту сапасын арттыруды ұсынамыз. Бюджеттік жүктемені төмендету үшін көрсетілген шамада тек шетелдік азаматтардан бір түнге 2-4 доллар мөлшерінде «Bed Tax» ұқсас туристік жарна тәжірибесі енгізілетін болады.

Шара мемлекеттік бағдарлама қабылданған сәттен бастап бүкіл Қазақстан бойынша әрекет ететін болады», — деді «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасын таныстырған Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Оның айтуынша, алымдар «Kazakh Tourism» ҰК АҚ жанынан ашылған бюджеттен тыс шотқа түседі. Бұл кейіннен компанияның өзін-өзі ақтап шығуына және елдің туризм саласын ілгерлетуге, бюджеттік жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. «Шара сондай-ақ, «Kazakh Tourism» маркетингтік жұмысының тиімділігін ынталандырады. Шетелдік туристер ағынының ұлғаюынан көбірек алымдар алатын болады. Бірінші кезеңдерде шарадан түскен қаржылық түсімдер кейіннен ұлғайып, жылына 1,5 млрд теңгені құрайды», — деді министр», — деді Мұхамедиұлы. 

 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz