Мұхамедиұлы Әлімбекова жайлы: Оның алаяқтың құрбаны болғанына сенемін — новости Казахстана

0

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жуырда сотталған Гауһар Әлімбекованың кінәсіз екеніне сенетінін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, Гауһар Әлімбекова. Фото: zakon.kz,QazBrand.info. Коллаж: NUR.KZ

Арыстанбек Мұхамедиұлы, Гауһар Әлімбекова. Фото: zakon.kz,QazBrand.info. Коллаж: NUR.KZ

«Гауһар Әлімбекованың адвокатымен сөйлестік. Оның алаяқтың құрбаны болғанына сенемін», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет кулуарында.

Министр әншінің бостандыққа шығуы үшін 40 мың долларды жинауға қатысқанын атап өтті.

«Ең бірінші 40 мың долларды төлеу керек болды. Қазақстан әртістері бірігіп, осы соманы жинайық деп үндеу жасады. Әрине, мен де оған қатыстым. Осы соманы төлегеннен кейін, жәбірленуші арызын қайтарып алады», — деді Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың»алаяқтық» бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылғаны белгілі болды.

Осыдан кейін журналист Бибігүл Дәулетбекқызы көпшілікке әншінің құрбысына қарыз болған 40 мың АҚШ долларын жинап беруді ұсынды.

Отандық өнер иелері де журналистің сөзіне қолдау білдіріп, Гауһар Әлімбековаға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын ашып айтып, Әлімбекованың да бұл істе құрбан екенін мәлім етсе, танымал заңгер Орынбасар Тілепбергенов әншінің қандай жағдайда бостандыққа шыға алатынын айтқан еді.

Сонымен қатар, Гауһар Әлімбекованы сотқа берген құрбысы Бақыт Назарова іске қатысты пікір білдіріп, құрбысының абақтыға жабылғанын қаламағанын айтқан болатын.

Ал Гауһардың ағасы Әділхан Әлімбеков қолдау көрсеткен барша жұртқа алғысын білдіріп, оқиғаның мән-жайын өзі баяндады.

Күні кеше әнші қолхатпен бостандыққа шығарылды.

Дереккөз: kaz.nur.kz