Мүгедек баласы бар көп балалы ана баспанасыз қалуы мүмкін — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда мүгедек баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ана көшеде қалуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty арнасына сілтеме жасап.

ана

Валентина Данышева пәтер жалдап тұрады. Балалар үйінде өскен әйелден үй иелері пәтерді келесі айда босатуын сұраған. 

Валентинаның айтуынша, мұндай қысқа мерзім ішінде үлкен отбасы үшін қолайлы баспана табу өте қиын. Ал 2014 жылдан бастап тұрған әлеуметтік тұрғын үй кезегі іс жүзінде мүлдем жылжымаған.

«Мен баспана болатын үлкен үйім болғанын қалаймын», — деп армандайды Валентинаның 8 жасар ұлы Нұржан. 

Нұржанға туғаннан бастап мидың гидроцефалия және балалардың церебральды сал ауруы диагнозы қойылған. Туған-туыстары мен дәрігерлердің баланы ауруханада қалдыруын өтінгеніне қарамастан, Валентина оны қаламады. 

Валентина Нұржанды мақтан тұтатынын, ол балаларының ішінде ең ақылдысы екенін атап өтті.

«Жаңа жылдан кейін балалар ауырып қалды. Ал әр балаға өз дәрісі қажет. Нұржан ауруханада 14 күн жатты. Біз ақылы массаж терапевтін шақырамыз, ол әр сеансқа 5-6 мың алады. Айына қаншалықты жиі жасаса, соншалықты жақсы. Егер ақшам болса, айына 10 рет массаж жасатамын», — дейді әйел.

Отбасының негізгі табысы — ұлының мүгедектігі бойынша зейнетақы және балаларға арналған жәрдемақы. Бірақ бұл пәтер, дәрі-дәрмек, киім-кешек пен азық-түлікке әрең жетеді.

Ал Валентинның қазір жұмысқа шығуға мүмкіндігі жоқ. Себебі, Нұржан мен ең кішкентай үш айлық сәбиін бейтаныс адамдарға қалдыруды қаламайды.

Босатуды талап еткен пәтерді отбасы  жылдан бері жалдап тұрады. Биыл үй иелері оны сатпақ, ал көпбалалы отбасы қайда баратындарын білмейді. Тіпті, Валентинаның жаңа жалдамалы пәтерге ақшасы жоқ. 

Әлеуметтік тұрғын үй кезегінде балалар үйінің түлегі 2014 жылдан бастап тұр. Алты жыл ішінде кезегі алға жылжымаған.

Валентина шенеуніктерге жүгінген, бірақ олар түсініксіз жазбалармен жауап берген.

Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Айбек Сайделдаевтің айтуынша, кезекте 25 мың адам тұр.

«Валентина жетім балалар санатында балалар үйінің түлегі ретінде есепте тұр. Ол 2014 жылы кезекке тұрды, қазір есепке сәйкес 756-шы. Өкінішке қарай, біз оған көмектесе алмаймыз. Пәтер кезек ретімен бөлінеді. Тұрғын үй кезексіз тек Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне беріледі», — Айбек Сайделдаев.

 

stan.kz