Мүгедек балаларды азаптаған: Павлодарда орталық қызметкерлері сотталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Аягөз қаласындағы интернатта төрт баланың қайтыс болуынан кейін елдегі медициналық-әлеуметтік мекемелер мен балалар үйлерін және интернаттарды жаппай кешенді тексеру басталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Павлодарда мүгедек балаларды қорлағаны үшін психоневрологиялық орталықтың төрт қызметкері үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ал тағы бір қылмыстық іс сотта қаралуда, деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасы.

Аталған оқиғаға байланысты бейнесюжет «Еуразия» Бірінші арнасының эфирінен көрсетілгеннен кейін басталған. Сондай-ақ, тексеріс нәтижесінде бірқатар заңбұзушылық фактілер анықталған. 

«Прокурордың тексеру материалдары негізінде Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі бойынша (азаптау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Қазіргі уақытта орталықтың төрт қызметкері үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы бір қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Жалпы 13 қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеу сатысында», – деді облыстық прокуратура басқармасының басшысы Асхат Қоқымбаев.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанның Аягөз қаласындағы интернатта төрт баланың қайтыс болуынан кейін еліміздегі медициналық-әлеуметтік мекемелер мен балалар үйлері және интернаттарды жаппай кешенді тексеру басталды.

Оқи отырыңыз: Аягөзде төрт бала көз жұмды: министр қандай тапсырма берді

Осы кезге дейін Түркістан облысындағы арнайы мектеп-интернатта да  балаларды азаптау фактілері расталды.

Ал Қазақстандағы балалар омбудсмені Аружан Саин Аягөздегі келеңсіздіктен кейін шалғай аудандардағы балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың барлығын облыс орталықтары мен ірі қалаларға көшіруге күш салатынын мәлімдеді.



sputniknews.kz