Мұғалімге жұдырығын ала жүгірген әйел елдің жағасын ұстатты (ВИДЕО)

Желіде Сырдария ауданындағы №1 мектепте болған оқиғаның видеосы тарады
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал мұғалімнің оқушыға ескерту жасап, бұл туралы анасына хабарлауынан кейін басталған. Ашуланған әйел сыныпқа кіріп, мұғалімнің басынан бірнеше рет ұрған.
Мектеп әкімшілігі дабыл түймесін басқаннан кейін, төрт минут ішінде жедел әрекет ету тобы келіп, жанжалды тоқтатып, әйелді құқық қорғау органдарына тапсырды.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде кең таралып, Мектепке дейінгі және мектеп білім министрі Хилола Умароваға жетті. Министрліктің мәліметінше, жағдай бақылауға алынып, аудандық жедел топ тергеу жүргізуде.
Кейін әйелдің психиатриялық ауруханаға мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілгені белгілі болды. Сараптама қорытындысы бойынша, оған жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі диагнозы қойылып, істеген ісін түсіндіре алмағаны анықталған.