«Мұғалімге пышақпен шабуыл жасаған»: полиция он екі сағаттан кейін оқиғаға түсініктеме берді

0

Павлодар облысының полиция департаментінде колледж студентінің көпқабатты үйдің ауласындағы оқытушыға жасаған шабуылы туралы ресми түсініктеме берілді. Педагог арқасынан жарақат алған.

«Павлодар қаласы колледждерінің біріндегі педагогтің денсаулығына он жеті жасар студент қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», — деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір кәмелетке толмаған баланы қолхат бойынша үйіне жіберді. Тергеу жалғасуда.

Фото: 716.kz