Мұғалімдердің жалақысы сұмдық өседі — Саясат Нұрбек

0

«BTS EDUCATION» бас директоры Саясат Нұрбек алдағы уақытта дүние жүзі бойынша ұстаздарға ерекше сұраныс артатынын айтты. Десе де көпшілік мұғалімдердің бұл сұранысқа лайық болмауы мүмкін екенін жасырмады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Ләйлә Сұлтанқызының «Праймтайм» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Коммуникация саласында инфрақұрылымдық инженерлер 5-10 жылда үлкен сұранысқа ие болады — осыны ұмытпаңыздар. Политех, ҚБТҰУ, СДУ және техникалық университеттер жаман емес деңгейде. Сондай-ақ, мұғалімдердің рөлі де, маңыздылығы да, тапқан жалақылары да сұмдық өседі. Неге десеңіз — үлкен тапшылық болып жатыр. 1,5 млрд оқушыға кемінде 1,5 млн ұстаз жетпейді. Ұстаздардың цифрлық сауаттылығына қатысты үлкен талаптар қойылуда. Осы орайда педагогика саласында бірқатар жаңа мамандық пайда болады», — деді Саясат Нұрбек.

Медиа кеңесші Тимур Бектұр көп ұзамай «мамандық» деген сөздің өзі ескіретінін айтты.

«Мамандықтардың бір қатпарлары болады екен. Оны кейде hard skills, soft skills деп айтып жатады. Hard skills — ол нақты белгіленген дүниелер. Әр саланың өзінің меңгеруі қажет базалық қызметтері болады делік. Мысалы, кино режиссер кино түсіруге қатысты негізгі технологияларды меңгеруі қажет. Инженер-бағдарламашы сол бағдарламаларды жазуға арналған тілдерді, платформаларды меңгеруі тиіс. Яғни осыны hard skills деп айтамыз. Ал soft skills — соның үстінен адами қарым-қатынас жасау қабілеттері. Қазір көп жағдайда фокус осыған қойылады. (…). Ода А-дан бастап Я-ға дейін деген ешнәрсе жоқ, өзгеріске ұшырап отырады. Кейде депрессия, күйзеліс кезінде адам өзін басқаша ұстауы мүмкін», — дейді маман.

Тимұр Бектұрдың айтуынша, барлығы адамның өзінің біліктілік деңгейіне байланысты болмақ.