Мұғалімдер президент сапары қарсаңында дуалдарды сырлап жүр

0
34
Сурет: Азаттық Радиосы

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің елдегі бірнеше махаллаға ескертусіз барғаннан соң, республиканың түрлі аймақтарында артта қалған махаллаларды тез арада жөндеп жатыр.

Әндіжан облысының ауылдары мен қалаларында жолға асфальт төселіп, дуалдар сырланып жатыр. Мұнда мемлекет басшысы сапарлап келуі мүмкін.

Махалла белсендісінің айтуынша, облыс басшысы мұндай жұмыстарды мемлекеттік мекемелердің, банктердің қызметкерлеріне және кәсіпкерлерге тапсырған. Кәсіпкерлерді енді «демеуші» деп атайтын болған.

Әндіжан облысының кейбір аудандарында бюджет қызметкерлерін дуалдарды сырлауға шығарған. Мирзияевтің Әндіжан облысына сапары қашан болатыны әлі хабарланған жоқ.

Кейбір мәліметтер бойынша, Мирзияевтің Әндіжанға сапары барысында Қырғызстан үкіметі өкілдерімен бірге шекара мәселесі талқылануы мүмкін. 11-12 наурызда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келеді, бірақ Әндіжанда келіссөздер жүреді деген ақпарат тараған жоқ.

– Пахтаабад ауданындағы «Маданият» қышлағында мектептің дуалдарын да сырлап жатыр. Оған мұғалімдерді тартқан. Екі мектептің мұғалімдері асарлатып жатыр. Президент Қырғызстан делегациясымен осы қышлақта кездеседі деген әңгіме тарады. Сол себепті аудан әкімі бәрін жұмысқа шығарды. Дуалдарды үстінен сырлай салып жатыр. Масқара. Бүгін жаңбыр жауып тұр. Ертің бұл сырдан ештеңе қалмайды, – деді Пахтаабад ауданындағы мектептердің бірінде істейтін қызметкер.