Мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған баспана: шарттары, қалай беріледі, құны
Қысқа сілтеме алу
Баспанаға мұқтаж адамдардың тізімін білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктері әзірлейді. Ипотекалық компания азаматтың төлем қабілеттігін бағалап, пәтерді жалға беру келісімшартын бекітеді
НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мұғалімдер мен дәрігерлерге жалға берілетін баспананың шарттары туралы айтты.
2019 жылдан бастап қазақстандық мұғалімдер мен дәрігерлерге «Қазақстан ипотекалық компаниясы»АҚ-дан сатып алу құқығы бар арендалық баспана беріледі.
- Пәтерді жалға алу мерзімі – 20 жылға дейін.
- Жылдық мөлшерлемесі – 3,1%.
- Бастапқы жарна қажет емес.
Қазақстан ипотекалық компаниясы тек жаңа пәтерлерді ғана сатып алады.
Мәселен, пәтер құны 9,6 миллион теңге делік. Ай сайынғы төлем шамамен 53 мың теңгені құрайды.
Бір айта кетерлігі, жалға алу құнына эксплуатациялық және коммуналдық қызметтердің төлемі кірмейді.
Бюджет саласының қызметкерлеріне арналған тұрғын үй бағдарламасы 2019 жылдың маусымында іске қосылған болатын. Баспанаға мұқтаж адамдардың тізімін білім және ғылым министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі жасайды. Содан кейін ҚИК азаматтың төлем қабілеттігін бағалап, баспананы жалға беру келісімшартын бекітеді.
Тағы оқыңыз: Қазақстандықтардың назарына: баспаналы болудың түрлі жолдары
Алдағы екі жыл ішінде бағдарламаны іске асыруға 40 милиард теңге бағытталып, 3 мыңға тарта дәрігер мен мұғалімді баспанамен қамту жоспарланып отыр.
Бүгінде Алматы қаласында 4,3 миллиард теңге (288 пәтер), Қарағандыда 0,2 миллиард теңгенің (21 пәтер) келісімшарты бекітілген. Нұр-Сұлтанда 146 пәтер сатып алу үшін 1,9 миллиард теңгенің келісімшартына қол қойылады.
sputniknews.kz