Мұғалімдер енді күніне екі құжат қана толтырады — білім министрі — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді артық шаруадан босату жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр Аймағамбетов: Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысын арттыру керек

«Педагог жұмысының сапасы оқушылардың білім сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан, педагог артық шаруамен айналыспауы керек. Балалардың білімі мен тәрбиесіне жұмыс істейтінін түсінуі керек. Сондықтан, біз әрі қарай педагог мәртебесін көтеруді, әріптестерімізді қолдау мен дамыту үшін жағдай жасауды жалғастырамыз», — деді министр фейсбук желісінде өткен онлайн эфирде, халық алдында есеп беру барысында.

Аймағамбетовтың пікірінше, мұғалімдердің жүктемесін азайту үшін құжаттар саны қысқартылады.

«Енді мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады. Бұл жұмыстарды қайтадан қарастырып жатырмыз. Бұл тек мектеп мұғалімдеріне емес, мектепке дейінгі ұйымдардың, колледж, жоғары және жоғарғы білімнен кейінгі ұйымдардың педагогтарына қатысты. Педагог тікелей өз функцияларымен ғана айналысуы керек. Тексерушілерге есеп беру сынды мәселелерді қайта қарап, шектеулерді алып тастадық», — деді А. Аймағамбетов.
 

stan.kz