«Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасын талқылауға шақырамыз

0
29 Қараша 2018, 22:57 375 0

Фото: kazgazeta.kz

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен «Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасы әзірленуде. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Елбасының халыққа арнаған Жолдауында сөз болған жаңа Заң мұғалім мәртебесін арттыруды көздейді. Заң ұстаздар қауымының жүктемесін азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс. Осы ретте мектеп мұғалімдері мен ЖОО, колледж оқытушыларын, ата-аналар қауымы мен осы мәселеге қызығушылық танытқан тұлғаларды заң жобаларын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.

Заң жобасына қатысты ұсыныстарыңыз болса, bilimdiel.project@mail.ru электрондық поштасына жіберуге болады. Заң жобасы бойынша келіп түскен ұсыныстар және ҚР БҒМ ресми сайтында орналастырылған.

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы жаңының тұжырымдама жобасы. Құрметті мұғалімдер, оқытушылар және қымбатты ата-аналар! Сіздерді «Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасын талқылау барысында белсенділік танытуларыңызды сұраймыз! Өйткені жаңа заңның қабылдануы білім беру саласының болашағы үшін өте маңызды», — деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ