Мұғалім ауыл тұрғындарына коронавирус жұқтырды деп жала жапқан  

0

Қауесет таратқан әйел жергілікті мектептердің бірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып істейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбеталы ауылының тұрғыны WhatsApp арқылы екі адамның коронавирус жұқтырғаны туралы аудиожазба таратқан. Бірақ бұл ақпарат жалған болып шықты.

31 жастағы әйел Ұзынағаш ауылының екі тұрғынына коронавирус инфекциясын жұқтырды деп жала жапқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл қауесетті WhatsApp арқылы мыңнан астам жергілікті тұрғын таратып үлгерген. Полиция дереу тексеріс жұмыстарын бастады. Бірақ ақпарат расталмады.

Жалған ақпарат таратқан әйел бірден анықталып, ұсталды. Ол Жамбыл ауданы Үмбеталы ауылының 31 жастағы тұрғыны екені және жергілікті мектептердің бірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып істейтіні  анықталды.

Тағы оқыңыз: Министр карантинде жатқан әйелдің бұрынғы күйеуі не істегенін айтып берді

Жауап алу барысында әйел кінәсін толығымен мойындады.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігі (төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мұғалім үштен жеті жылға дейін бас бостандығы шектеліп, немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



sputniknews.kz